Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 01 мар. 2026 14:01
- 26
"Ұзақ ғұмыр тілеймін": Мейрамбек Беспаев әкесін туған күнімен құттықтады
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Мейрамбек Беспаев өзінің Instagram парақшасында әкесі Әбіләшім Истайұлының туған күнімен құттықтауын жариялады. Әнші әкесімен бірге 1987 жылы түсірілген ескі суретті бөлісіп, оған арнап жылы лебіздерін білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Әкетай, туған күніңізбен! Ұзақ ғұмыр тілеймін!" – деп жазды өнер иесі.
Желідегі оқырмандар да әншінің әкесін құттықтап, оған зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. "100 жас жасаңыз!", "Қазақ даласына Мейрамбектей тұлғаны сыйлаған әкеге рахмет!", "100 жасыңызды бүкіл ел болып тойлайық!" – деген сияқты пікірлер көптеп жазылды.
Мейрамбек Беспаев туралы
Мейрамбек Әбіләшімұлы Беспаев 1976 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Ол – белгілі әнші, термеші, актер және "МузАРТ" тобының мүшесі.
Өнер жолын жастайынан бастаған Мейрамбек Беспаев Тараз қаласындағы музыкалық мектепте, кейін Алматыдағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектепте білім алған. 1994-1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы театр академиясында актер мамандығы бойынша оқыды.
Әншінің репертуарында қазақтың көрнекті композиторларының әндері бар. Сондай-ақ, ол "Қоштасқым келмейді", "Ғашық жүрек" фильмдерінде актер ретінде де танылды.
Мейрамбек Беспаев "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, "Мәдениет қайраткері" медалімен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағымен және "ҚР Тәуелсіздігіне – 25 жыл" медалімен марапатталған.
-
Renowned Kazakh singer Meirambek Bespayev shared a touching tribute to his father, Abilashim Istayuly, on his birthday, including a cherished throwback photo.