Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 16 апр. 2026 16:30
- 36
Вице-президент қызметі қашан пайда болады: Мәулен Әшімбаев жауап берді
Қазақстанда вице-президент қызметінің пайда болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жауап берді.
Парламент кулуарында журналистер жоғары палата спикерінен бұл лауазымның қашан енгізілетінін сұрағанда, Әшімбаев бұл мәселенің толықтай мемлекет басшысының құзыретінде екенін айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәселе президенттің шешіміне байланысты
«Вице-президент қызметіне қатысты барлық сұрақ президенттің құзырында. Жаңа Құрылтайдың құрамы жасақталғаннан кейін мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды», - деді Әшімбаев.
Спикер бұл бағытта қандай шешім қабылданатынын тек президенттің өзі айқындайтынын атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы 2026 жылдың тамыз айында өтетінін мәлімдеген болатын.