Последнее обновление

(Время обновление 2 недели назад)
Зеленский Трамптың мәлімдемесіне жауап қатты: “Әлем агрессордың кім екенін біледі”

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Украинаға қатысты сөзіне жауап беріп, соғысқа кімнің кінәлі екенін бүкіл әлем біліп отырғанын айтты.

“Басқасын айтпағанда, Ресейдің Сумскіге жасаған соңғы соққысын әлемнің 50-ге жуық елі, Еуропалық Одақ пен халықаралық ұйымдар айыптады. Бұл соғыс бір күні аяқталады. Сол кезде де әлем агрессордың нақты кім екенін айтып береді”, — деді Зеленский.

Мемлекет басшысының бұл мәлімдемесі Ресейдің Сумскіге жасаған шабуылынан кейін айтылды. Бұл шабуыл халықаралық деңгейде кең резонанс туғызып, көптеген мемлекет пен ұйым тарапынан сынға алынды.

Новости

Реклама