Ақмола облысында қылмыс жасалғаннан кейін 12 жыл өткен соң полицейлер бір миллион теңге ұрлығына күдіктіні анықтады. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Атбасар ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 2014 жылдың шілдесінде жасалған ұрлыққа күдіктіні анықтады.
Қылмыстық іс материалдары бойынша, күндізгі уақытта белгісіз адам жергілікті тұрғынның үйіне ашық тұрған терезеден кіріп, 1 млн теңге көлемінде ақшаны иемденіп кеткен.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Алайда қылмысты із суымай тұрып ашу мүмкін болмады. Соған қарамастан полицейлер күдіктілерді анықтау жұмысын тоқтатқан жоқ.
12 жылдан кейін, 2026 жылдың қазанында, жедел қызметкерлер ықтимал қылмыскердің жеке басын анықтауға қол жеткізді. Ол Степногорск тумасы, 35 жастағы ер адам болып шықты.
Күдіктінің жауабына сәйкес, ол Атбасарда жүргенде терезесі ашық үйді байқап, ішіне кіріп, ақшаны иемденген.
Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.


