Қазақстанның оқ ату құрамасының көшбасшыларының бірі Александра Ле Дохада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында сынға түсті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
22 жастағы спортшы 50 метр қашықтықтан үш қалыптан пневматикалық винтовкадан ату бойынша жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды. Финалда Ле 303,7 ұпай жинап, қорытынды есепте жетінші орынға тұрақтады.
Жеңісті сербиялық Александра Стоядинович (358,4) бұйыртты. Күмісті Оңтүстік Кореядан келген О Се Хи (357,7), қоланы жапониялық Мисаки Нобата (348,2) иеленді. Чемпион мен жүлдегерлер Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасының лицензияларын жеңіп алды.
Катар астанасындағы жарыста Қазақстан құрамасының қоржынында бір ғана медаль қалды — Ирина Юнусметованың 50 метр қашықтықтан пистолеттен атудан жеңіп алған қоласы. Асем Орынбай стендтік атудан «скит» дисциплинасында бесінші орын алып, олимпиадалық лицензияға қол жеткізді.
Ал Париж-2024 жазғы Ойындарында пьедесталға Ле көтерілген болатын. Ол Ислам Сатпаевпен бірге 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкадан атудан аралас дуэттер турнирінде қола жүлдеге ие болды.


