Алматы қалалық кардиоорталығында митральді қақпақшаны емдеудің аз инвазивті технологиясы енгізілді. Жаңа әдіс бұрын кеуде қуысы ашылып, жүрекке ота жасалған науқастарға күрделі араласуды жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кардиоорталықта UMC Жүрек орталығының тәжірибелі мамандарының қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Дәрігерлер ауыр дерт тарихы бар науқастарға көмектесу үшін бірікті. Сөз бұрын кеуде қуысы ашылған адамдар туралы болып отыр.
Атап айтқанда, дәрігерлер гибридті ота жасады. Олар кеуде қуысын ашпай-ақ жаңа жүрек қақпақшасын орнатты. Хирургтер жүрекке қабырғалар арасындағы шағын тілік арқылы жетті.
Мұндай араласуды 74 жастағы зейнеткер сәтті көтерді. Жасына байланысты қарапайым ашық ота ол үшін тым жоғары қауіп төндірді, сондықтан аз жарақаттайтын әдіс қайта стернотомиясыз (кеуде қуысын кесу – «Курсив») оңтайлы шешім болды.
Алматы кардиоорталығы бұл әдісті күрделі науқастарды емдеу үшін тұрақты тәжірибесіне енгізуді жоспарлап отыр. Өйткені мұндай аялы оталардың артықшылығы – ең аз жарақаттану және науқастар мұндай араласулардан кейін тезірек қалпына келеді.
Бұған дейін «Курсив» Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында төрт науқасқа митральді қақпақшаны реконструкциялаудың аз инвазивті оталары жасалғанын жазған болатын.


