Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында дауыс беру және бірлестік құрылымдарындағы жауапты лауазымдарға өз өкілдерін тағайындау мүмкіндігінен айырылды. Қабылданған шешім туралы Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Песковтың айтуынша, бұл мәселе ұйым саммитінде қаралып, ол бойынша тиісті шешім қабылданған. «Тақырып көтерілді, шешім қабылданды. Армения бірнеше жылдан бері өз міндеттемелерін орындамағанына байланысты, ұйым жарғысын басшылыққа ала отырып, Арменияны дауыс беру құқығынан, сондай-ақ ЖҚҰҰ-дағы жауапты лауазымдарға өз өкілдерін тағайындау құқығынан айыру ұсынылып, шешім қабылданды», — деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.

Бұған дейін ұйымның 11 қарашадағы саммитінде Арменияны дауыс беру құқығынан айыру мәселесі талқылануы мүмкін екені хабарланған. Сонымен қатар Армения Сыртқы істер министрлігінің басшысы Арарат Мирзоян ЖҚҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысының республиканы ұйымнан шығару туралы үндеуіне пікір білдірген.

Бұдан бұрын Армения премьер-министрі Никол Пашинян да ел Еуразиялық экономикалық одақ пен ЖҚҰҰ-дан шығатынын мәлімдеген. Себебі Армения Еуропалық одаққа кіруге өтініш беруге дайындалып отыр.