Ертең, 9 қазанда елорданың бірқатар ауданында электр жарығы, ыстық су және жылу уақытша өшіріледі. Жұмыс кестесін қалалық iKOMEK109 қызметі жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

08:30-дан 16:30-ға дейін Кенжин, М. Мәңкеұлы және Кербезқыз көшелері, сондай-ақ Дайрабай мен Перне тұйықтары жарықсыз қалады.

08:30-нан 18:00-ге дейін Сейфуллин көшесіндегі 69/1, 69/2 үйлерде және жеке секторда, сондай-ақ Бейсекбаев көшесіндегі 21 және 21/1 үйлерде жарық болмайды.

09:00-дан 16:00-ге дейін Арай, Мирный, Тобылғысай, Маржансу, Нормандия-Неман, Толағай, Көшек батыр, Марғұлан, Тұрысов, Көктем және Қараөткел көшелерінде, сондай-ақ Жауқазын тұйығында электр жарығы өшіріледі.

14:00-ден 16:00-ге дейін Айғыржал көшесінің (14, 18, 20, 22, 22а үйлер), Кейкі батыр көшесінің (12–25), Әміре Қашаубаев көшесінің (11, 12, 14, 62, 64, 66, 68, 72, 76/1, 83, 87, 91, 93, 95), Қамбар Ата көшесінің (11, 12, 15, 16, 18, 174, 193, 250, 257), Ойсылқара көшесінің (9, 11, 15, 17, 18, 19, 20, 22, 23, 24, 25, 26, 28, 29), Жантай батыр көшесінің (12–22), Исатай батыр көшесінің (42–97), Есет батыр көшесінің (3–99) және Шопан Ата көшесінің (5–76) тұрғындары жарықсыз қалады.

Су мен жылу беру 09:00-дан 16:30-ға дейін мына мекенжайларда тоқтатылады: И. Омаров көшесі (4, 6/1, 6/2, 8, 8/1, 10, 12, 12В, 14, 19, 19/1, 21, 21/1, 23, 25, 27), Айтматов көшесі (38), Күлтегін көшесі (11/1, 17, 17/1, 19), Жеңіс даңғылы (7, 9) және Кенесары көшесі (19, 21, 23, 25).

Бұған дейін «Курсив» хабарлағандай, Алматыда 9 қазанда Райымбек даңғылындағы 243Б, 243В, 243Г және 245Г үйлерде, Айгерим-1, Айгерим-2, Ақжар, Қарағайлы, Өжет, Рахат, Горный Гигант және Ақ-Төбе шағын аудандарында электр жарығы болмайды. «Алатау Жарық Компаниясы» кестесінде сондай-ақ Ақкөгершін, 36–48, Фарида Шарипова, 26–54, Тайманов, 222/2, 222/Б және 222/А, Жамақаев, 258 мекенжайлары көрсетілген.