19 қазаннан бастап Астанада 12 қалалық бағытта автобус саны 29 бірлікке артады. Бұл шара көлік күту уақытын қысқартуға бағытталған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ-тің әкімдіктің iKomek109 жағдай орталығына сілтеме жасап хабарлауынша, қосымша автобустар тек жұмыс күндері қатынайды.

Өзгерістер мына бағыттарға қатысты:

№13 бағыт — енді 16 автобус (бұрын 14);

№20 бағыт — енді 21 автобус (бұрын 19);

№21 бағыт — енді 20 автобус (бұрын 17);

№31 бағыт — енді 15 автобус (бұрын 12);

№41 бағыт — енді 18 автобус (бұрын 14);

№44 бағыт — енді 18 автобус (бұрын 16);

№58 бағыт — енді 20 автобус (бұрын 18);

№60А бағыт — енді 13 автобус (бұрын 11);

№60Б бағыт — енді 13 автобус (бұрын 11);

№62 бағыт — енді 20 автобус (бұрын 17);

№501 экспресс-бағыт — енді 14 автобус (бұрын 12);

№503 экспресс-бағыт — енді 14 автобус (бұрын 12).

«Бағыттардағы автобус санын көбейту күту уақытын қысқартып, жол жүруді ыңғайлы етеді», — дейді әкімдікте.

Бұған дейін Астанада автобустардағы жүру тарифі көтерілетіні хабарланған: енді жолаушылар 150-ден 400 теңгеге дейін төлейді.