Астана әкімдігі қоғамдық көлікте дифференциалды тарифті бекітетін қаулы қабылдады. Енді жолаушылар маршрут түріне және төлем әдісіне қарай 150-ден 400 теңгеге дейін төлейді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қаулы мәтінінде Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңындағы қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль тасымалдау маршруттарына дифференциалды тариф көрсетілген.
Осылайша, қалалық автомобиль тасымалында жолаушылар мен багажды электрондық жол жүру құжаты немесе қосымша электрондық төлем сервистері арқылы қолма-қол ақшасыз төлегенде тариф 150 теңгені құрайды.
Экспресс қалалық автомобиль тасымалында жолаушылар мен багажды электрондық жол жүру құжаты немесе қосымша электрондық төлем сервистері арқылы қолма-қол ақшасыз төлегенде — 300 теңге.
Тұрақты әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалында электрондық жол жүру құжаты немесе қосымша электрондық төлем сервистері арқылы қолма-қол ақшасыз төлегенде — 150 теңге.
Қала маңындағы автомобиль тасымалында жолаушылар мен багажды электрондық жол жүру құжаты немесе қосымша электрондық төлем сервистері арқылы қолма-қол ақшасыз төлегенде — бір километрге 13 теңге.
Қалалық автомобиль тасымалында жолаушылар мен багажды қолма-қол ақшамен төлегенде — 300 теңге.
Экспресс қалалық автомобиль тасымалында жолаушылар мен багажды қолма-қол ақшамен төлегенде — 400 теңге.
Тұрақты әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалында қолма-қол ақшамен төлегенде — 300 теңге.
Қала маңындағы автомобиль тасымалында жолаушылар мен багажды қолма-қол ақшамен төлегенде — бір километрге 19 теңге.
Тұрақты әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалында жеңілдік көлік картасымен төлегенде — 0 теңге.
«Электрондық төлем жүйесі істен шыққан жағдайда, электрондық жол жүру құжаты немесе қосымша электрондық төлем сервистері арқылы төлейтін жолаушы тегін жүру құқығын пайдаланады», — делінген қаулыда.


