Астанаға кіреберісте полиция қызметкерлері 44 жастағы ер адам басқарған Toyota көлігін тоқтатып, салонынан 3 кг-нан астам мефедрон тауып, тәркіледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, ұстау посттардың бірінде жүргізілген. Ер адам есірткі заттарын одан әрі сату мақсатында сақтап, тасымалдаған деп күдікке ілінген.

«Астанаға кіреберісте посттардың бірінде есірткі заттарын одан әрі сату мақсатында сақтап, тасымалдаған деп күдіктелген 44 жастағы ер адам басқарған Toyota маркалы көлік тоқтатылды. Көлікті тінту барысында салонынан өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған алты брикет табылып, тәркіленді. Кейін ұсталған адам қалада бұрын аталмыш таңбаларды қалдырған жерлерді көрсетті. Барлық табылған заттар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат — мефедрон. Оның жалпы салмағы 3 кг-нан асты», — деді департаментте.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Полиция ер адамның тасымалдаушы рөлін атқарғанын және есірткіні одан әрі тарату үшін беруді жоспарлағанын анықтады.

Қазіргі таңда құқыққа қарсы әрекетке қатысы болуы мүмкін басқа адамдар анықталуда.