Алматыда Қайрат шағын ауданындағы «Жетісу-Семіречье» базарын сүру басталды: 56,4 мың шаршы метр сауда алаңын «Статус Construction» ЖШС рұқсатсыз салған.
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен TANYM ART және TANYM SPORT оқушылар сарайлары ашылды. Кешендерде бассейн, спорт және концерт залдары бар.
Көкшетауда 10 жасар бала мұздай су толған ашық канализация құдығына құлап кетті, баланы құтқарып қалды. Коммуналдық қызметтер қаладағы барлық люкті тексермек.