Бельгия королі Филипп пен королева Матильда Астанаға үш күндік мемлекеттік сапармен келіп, Қазақстаннан алғашқы кадрлармен бөлісті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Суреттер Бельгия корольдік отбасының ресми Instagram парақшасында жарияланды. Қазақстан астанасында монарх жұпты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Алғашқы жарияланған кадрлардың арасында — астананың басты сәулет көрікті орындарының бірі Бәйтерек.

«Ежелгі көшпелі аңыздан нәр алған бұл белгілі монумент Қазақстанның бай дәстүрлерін де, болашаққа ұмтылысын да көрсетеді», — деп сипаттады Бәйтеректі монархтар.

Королева Матильданың бейнесі ерекше назар аудартты. Бір шығуы үшін ол монархия дәстүріндегі қызыл киім таңдап, оны қызыл қалпақпен толықтырды.

Кейін король Филипп пен королева Матильда Астанадағы балаларды оңалту орталығына барды. Онда күрделі психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар емделеді.

Президент пен король жұбы кішкентай пациенттермен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

Бұған дейін Филипп Қазақстанға мұрагер ханзада ретінде үш рет келген. Бұл сапар оның 2013 жылы Бельгия тағына отырғаннан кейінгі елге алғашқы мемлекеттік сапары болды.

Еске салайық, король Филипп пен королева Матильда 11-14 қазан аралығында Астанада. Бағдарламада — Тоқаевпен келіссөздер, «Қазақстан — Бельгия» іскерлік кеңесінің отырысы және екі ел университеттері ректорларының форумы.