Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш АҚШ президенті Дональд Трампты Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен дизель отыны туралы мәміле жасасып, «Еуропаны қиын жағдайда қалдырды» деп мәлімдеді. Ол бұл туралы Брюссельдегі Еуропалық одақ саммитінде айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Шындық мынада: Еуропа қандай да бір белсенділік танытуға тырыспай отыр. Меніңше, бәріміз де бейбітшілікті қалаймыз. Мен бейбітшілік дегеніміз ресейлік кейбір түсініктерді қабылдау деп айтпаймын, бірақ соғыс жалғасып жатқаны, Еуропа болып жатқан жағдайдан тыс қалып қойғаны — факт. Ал Трамп Путинмен осы мәміле жасасып, бізді қиын жағдайда қалдырды, енді біз бірдеңе істеуіміз керек», — деп келтіреді оның сөзін РБК.
Еске салайық, өткен аптада Трамп Путинмен ресейлік дизель отынын жеткізу туралы келісімге келгенін мәлімдеген. Ол осының және Ормуз бұғазын бақылаудың арқасында АҚШ-та және бүкіл әлемде отын бағасы төмендейтінін айтқан.


