11 қазан, жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады: синоптиктер дауылды ескерту жариялады. Оған сәйкес бірқатар облысты тұман қаптайды, кей жерлерде жел күшейеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Қазгидромет» дерегінше, 11 қазанға қараған түні және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман болуы мүмкін. Сонымен қатар өңірдің шығысында өрт қаупі жоғары, ал батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Жетісу облысында жексенбі күні күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 17–22 м/с жел соғады. Өңірдің шығысында өрт қаупі әлі де жоғары.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары, ал оңтүстігінде төтенше.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең батысы мен орталығында тұман болуы мүмкін. Өңірдің орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
11 қазанға қараған түні және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында да жағдай осыған ұқсас. Ұлытаудың батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Ақмола облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болуы мүмкін. Күндіз өңірдің батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с жел күтіледі.
Қостанай облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болжанады. Күндіз сол жерлерде екпіні 15–20 м/с жел соғады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батысына, солтүстігіне және шығысына тұман түсуі мүмкін. Абай облысының солтүстігі мен орталығында да түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысында солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с жел болжанады.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болуы мүмкін. Өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында 11 қазанда тұман күтіледі. Өңірдің солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15–20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі.


