АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы (FDA) GSK фармацевтикалық компаниясының бауыр циррозы белгілері жоқ ересек пациенттердегі созылмалы В гепатитін емдеуге арналған инъекциялық препаратын мақұлдады. Бұл — антисмыслді олигонуклеотидтерге негізделген, аурудан функционалдық жазылуға мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы дәрі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

ScienceAlert жазуынша, терапия пациенттердің бір бөлігіне вирусты ұзақ мерзімді иммундық бақылауға алуға және стандартты вирусқа қарсы таблеткаларды өмір бойы қабылдаудан мүлдем бас тартуға мүмкіндік береді.

Дәрінің әсері бауыр жасушаларындағы вирустың генетикалық материалымен тікелей байланысуға негізделген. Бұл патогеннің репликациясын тоқтатып, вирустық ақуыздардың концентрациясын төмендетеді және ағзаның өз иммундық жауабын қалпына келтіруге көмектеседі.

Реттеуші органның шешімі 29 елде 1838 пациент қатысқан B-Well 1 және B-Well 2 клиникалық сынақтарының екі ауқымды фазасының нәтижелеріне негізделген. Қатысушылар 24 апта бойы препаратты негізгі еммен бірге апта сайын тері астына инъекция түрінде қабылдап, кейін терапияны тоқтатты.

Пациенттердің шамамен 19%-ы функционалдық жазылудың бастапқы соңғы нүктесіне жетті: ем курсы аяқталғаннан кейін жарты жылдан астам уақыт бойы қанда беткейлік HBsAg антигені мен вирус ДНҚ-сы анықталмады. Антиген деңгейі бастапқыда төмен болған науқастарда тиімділік 28%-ға жетті, ал терапияға жауап бергендердің 91%-ы 96 апта бойы ремиссияны сақтап қалды.

2026 жылдың тамызында препарат Жапонияда алғаш рет мақұлданған болатын.