6 қазанда Францияны шарпыған жаппай наразылық шерулер құқық қорғау органдарымен қақтығысқа ұласты. Тәртіпсіздіктер салдарынан жүздеген құқық қорғау қызметкері, оқушылар мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері зардап шекті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Парижде наразылық білдірушілер қоқыс контейнерлерінен баррикада тұрғызып, көшелерді жапты. Страсбургте шеруге қатысушылар полицейлерге петарда лақтырса, Реннде тәртіп сақшылары су атқыш құрылғыларды қолдануға мәжбүр болды.
Елдің Ішкі істер министрлігінің дерегінше, көшеге шамамен 256 000 адам шыққан, оның 56 000-ы Парижде. Оқушыларға ата-аналары мен білім қызметкерлері кәсіподақтарының өкілдері қосылды.
Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню тәртіпсіздіктер барысында 715 полицей мен жандарм, 215 оқушы және 85 мектеп қызметкері жарақат алғанын мәлімдеді. 5000-нан астам адам ұсталды, олардың көбі — оқушылар.
Франция президенті Эмманюэль Макрон елдегі ахуалды талқылау үшін шұғыл кеңес шақырды.
Бұған дейін Дональд Трамп Франциядағы жағдайға қатысты кескілең пікір білдіріп, оны жаппай көші-қонмен байланыстырғанын және ислам елді басып алуға ұмтылып жатқанын айтқанын жазған болатынбыз.
Еске салайық, қыркүйектің соңында Францияны жоғары сынып оқушыларының наразылығы шарпыған — бір аптадан бері оқушылар оқу мекемелерін бөгеп жатыр. 600-ден астам адамның ұсталғаны хабарланған.
Би-би-сидің орыс қызметі тәртіпсіздіктер барысында 65 мектеп қызметкері, оның ішінде 40 мектеп директоры жарақат алғанын жазды.
Сонымен қатар жаппай наразылық Бельгияға да тарады — шерулер елдің екі қаласында өтті.


