АҚШ-та өлім жазасын орындау әрекетінен аман қалған Криста Пайк соңғы отыз жыл бойы жазасын өтеген түрмеге қайтарылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ-тің The Guardian-ға сілтеме жасап хабарлауынша, 50 жастағы Пайк қайтадан Дебора К. Джонсон атындағы оңалту орталығында жатыр. Бұл туралы оның адвокаттары Стивен Феррелл, Люк Инен, Рэнди Спиви және Келли Глисонның мәлімдемесінде айтылған.

«Ол осы төтенше жағдайда көрсеткен көмегі үшін жедел қызметтер мен медициналық топқа алғыс білдіреді. Ол түрмеде медициналық көмек алуды жалғастыруда, біз оның сауығуын қадағалайтын боламыз», — делінген Пайк қорғаушыларының сөздерінде.

Бұған дейін Криста Пайк өлім жазасының орындалуын шамамен 30 жыл күткені хабарланған. Әйел 1995 жылы курстасын айуандықпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Пайк Теннесси штатында 1819 жылдан бері алғашқы өлім жазасына кесілген әйел болуы тиіс еді.

1995 жылы 18 жасында Пайк сүйіктісі және тағы бір адаммен бірге 19 жастағы Коллин Слеммерді өлтірді. Пайк осы істе өлім жазасына кесілген жалғыз қатысушы болды. Кейінірек өлім жазасына кесілген әйелдің АҚШ-та екі өлім инъекциясынан кейін аман қалғаны хабарланды.