Маңғыстау облысында суық ысталған балық жегеннен кейін ботулизм белгілерімен ауруханаға жатқызылған үш ересек науқас үйлеріне шығарылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы хабарлап, зардап шеккендер емделу курсын аяқтағанын нақтылады, деп жазады infohub.kz сайты.

Бұған дейін Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында отбасылық дастарқаннан кейін ботулизм белгілерімен үш ересек адам мен бір бала жансақтау бөліміне жеткізілгені белгілі болған.

Алдын ала күдікті өнім ретінде үй жағдайында дайындалған суық ысталған балық саналады. Зардап шеккендердің барлығы оны 17 қыркүйекте отбасылық іс-шара кезінде жеген, ал аурудың алғашқы белгілері 18 қыркүйекте кешке пайда болған. Науқастар 19 қыркүйекте дәрігерге қаралған.

Кейінірек бала Ақтаудағы көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап, емдеуді жалғастырды. Көп ұзамай тағамнан уланып жансақтау бөліміне түскен 9 жасар баланың Ақтауда көз жұмғаны белгілі болды.

Содан кейін Денсаулық сақтау министрлігі Ақтаудағы баланың уланудан қайтыс болуының мән-жайын ашып айтты.

Кейін отбасы жеген балықты жол бойындағы белгісіз жерден сатып алып, тоңазытқышта сақтағаны анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мәлімдеуінше, балықтан ешқандай үлгі қалмағандықтан, оның неден кем болғанын анықтау мүмкін емес.