Мәскеу қалалық соты ресейлік блогер Валерия Чекалинаның (Лерчек) ісі бойынша апелляцияны қарап, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты. Бұл туралы NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап мәлімдеді.
Сот шешіміне сәйкес, заңсыз валюталық операциялар туралы іс бойынша блогерге тағайындалған бес жыл шартты мерзім күшінде қалады. Сондай-ақ сот Чекалинаға салынған 760 млн рубльден астам айыппұлды да бекітті.
«Қосымша жаза бөлігіндегі үкімді өзгертуге... қалған бөлігінде өзгеріссіз қалдыруға» делінген сот шешімінде.
Айта кетейік, қазір қатерлі ісікпен күресіп жатқан Валерия Чекалина отырысқа қатыспақ болған, алайда таңертең оны жедел түрде ауруханаға жеткізген.
Еске салайық, 2023 жылы блогерлер Валерия мен Артём Чекалиндерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оларға интернетті пайдалануға тыйым салынған болатын — жұп салық төлемеу және ақша қаражатын жылыстату бойынша айыпталды. 2024 жылы ресейлік миллионер-блогер Валерия Чекалинаға және оның бұрынғы жұбайы Артёмға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды. Валерия үй қамауына алынды.
Өткен жылдың күзінде интернет-жұлдыздың бала күтіп жүргені хабарланған.
2026 жылдың наурызында Валерия Чекалинаның сүйіктісі Луис Сквиччиарини оған босанғаннан кейін қатерлі ісік диагнозы қойылғанын айтты.
Осыдан кейін Валерияның адвокаттары оның өз бетінше жүре алмайтынын мәлімдеді. Құқық қорғаушылар сотқа блогердің бұлтартпау шарасын өзгертуді және оған қатысты сот ісін тоқтата тұруды сұрап өтініш берді.
Сонымен қатар Валерия Чекалина Ресей Тергеу комитетіне өз ісі бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тексеруді талап етіп арыз жолдады.
2026 жылдың наурызында Валерия Чекалина Федералдық салық қызметінің алдындағы миллиондаған қарызын өтеді. 17 наурыздағы отырыс барысында Лерчектің өкілі Максим Курносов сотқа Чекалинаның салық шотына 176 млн рубль (1 млрд теңгеден астам) аударылғаны туралы құжат тапсырды.
Сол айда сот Чекалинаға қатысты банкроттық туралы істі тоқтатты.
Сәуірде Лерчектің бұрынғы күйеуі Артём Чекалин БАӘ-дегі шоттарға 250 млн рубльден астам қаражат шығарғаны үшін жеті жылға колонияға сотталды.
31 шілдеде Мәскеудің Гагарин аудандық соты блогер Валерия Чекалинаның (Лерчек) қылмыстық ісі бойынша процесті қайта қарауды жаңартқаны белгілі болды. Ол бес жыл шартты мерзімге және 763,5 миллион рубль айыппұлға сотталып, оған үш жыл бойы сайттарды әкімшілендіруге тыйым салынды. Үкімге екі тарап та шағымданған.


