Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрқожа Қайпанов Астанада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде оның қарсыласы ресейлік Иналбек Шериев болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Шешуші белдесу Шериевтің 10:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі өз елінде өткен әлем біріншілігінде екінші орынды иеленді.
Қайпанов үшін бұл награда әлем чемпионаттарындағы мансабындағы төртінші жүлдесі болды. Ол алғаш рет 2019 жылы Астанада өткен әлем біріншілігінде 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде алып, пьедесталға көтерілген еді.
2024 жылы спортшы мансабындағы басты табысқа қол жеткізіп, Тиранада (Албания) өткен турнирде әлем чемпионы атанды. Бір жылдан кейін Загребде (Хорватия) өткен әлем біріншілігінде ол қоржынын қола медальмен толықтырды.
Айта кетейік, Қайпанов бұған дейінгі үш наградасының барлығын 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіп алған. Астанадағы әлем чемпионатының күмісі ол үшін 74 келіге дейінгі салмақтағы әлем біріншілігінің алғашқы медалі болды.


