Оралда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты екі деректі анықтады. Жалпы салмағы 220 келіден астам марихуана заңсыз айналымнан тәркіленді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, есірткінің ірі партиялары Оралда жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде табылды.
Бірінші жағдайда жедел қызметкерлер қаланың 34 жастағы тұрғынын ұстады. Ұстау кезінде күш құрылымдарының қызметкерлері «Жат!» деп бұйырды. Оның үйінің ауласында екі үлкен қорап тұрған. Оларды тексеру барысында полицейлер өсімдік тектес зат салынған 12 полиэтилен қапты тапты. Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 198 келі 16 граммды құрады.
Тағы бір ірі есірткі партиясы Оралдың 45 жастағы тағы бір тұрғынының пәтерінен табылды. Тінту барысында полицейлер 23 келі кептірілген марихуананы тәркіледі.
Осылайша, анықталған екі дерек бойынша заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткінің келу және таралу жолдарын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


