АҚШ-тың Орегон штатында екі тікұшақ соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
ABC News телеарнасының дерегінше, қайғылы оқиға Макминнвилл қаласының маңындағы әуежай жанындағы далада болған. Ямхилл округі шерифі кеңсесінің нақтылауынша, әуеде 1995 жылы шығарылған Robinson R22 және 2018 жылы шығарылған Airbus AS350B3 тікұшақтары соқтығысқан.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Оның екеуі Robinson бортында болған — Техас штатынан келген 22 жастағы ұшу нұсқаушысы және Ұлыбританиядан келген курсант-ұшқыш. Airbus-тың жалғыз жолаушысы Ньюберг қаласынан келген 38 жастағы ер адам еді.
Шерифтің айтуынша, оқиға орнына Федералдық азаматтық авиация басқармасы мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің қызметкерлері де келіп, апатты тергеуді басқарып отыр.


