Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Владимир Зеленскийдің аумақтарды беруге дайын екені туралы мәлімдемесіне пікір білдіріп, бұл жерлер украиндікі емес, тарихи тұрғыдан Ресейге тиесілі екенін атап өтті. Бұл туралы мемлекет басшысы журналист Павел Зарубинге айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Айта кетейік, бұған дейін Зеленский Украина аумағының шамамен 25 пайызынан айырылған жағдайда Ресеймен бейбіт келісімге келуге келісетінін мәлімдеген еді.
«Менің бұл мәселеге көзқарасым мынадай: біріншіден, бұл олардың аумақтары емес, бұл — тарихи Ресейдің жерлері», — деді мемлекет басшысы.
Путин сондай-ақ Владимир Зеленскийге аумақтық шығындар туралы айтудың орынсыз екенін жеткізді.
«Бұл аумақтарда тұратын адамдар мемлекеттік тәуелсіздік үшін дауыс берді, ал екінші қадам ретінде — мұны ерекше атап өткім келеді — Ресей Федерациясымен қайта бірігу үшін дауыс берді. Сондықтан қандай да бір аумақтық шығындар туралы айту, меніңше, орынсыз», — деп атап өтті ол.
Еске салайық, бұған дейін Америка көшбасшысы Украинадағы қақтығыс жақын арада аяқталатынын мәлімдеген. Ал Владимир Зеленский Ослодағы келіссөздер барысында АҚШ, Ресей Федерациясы және Украина көшбасшыларының үшжақты кездесуі мүмкін екенін айтқан.
Алдында FOX телеарнасына берген сұхбатында украин көшбасшысы Ресеймен соғысты майданның қазіргі шебі бойынша тоқтатуға келісетінін мәлімдеген. Сондай-ақ БАҚ-пен онлайн сұхбатында ол Киевтің Мәскеу және Вашингтонмен үшжақты келіссөздерді бастауды қолдайтынын айтқан.


