Қарағандыда бейнебақылау камералары кофейнялардың бірінің жанына отырғызылған жас ағаштарды жұлып жатқан ер адамды түсіріп алды. Оқиға орнынан түсірілген бейнені Instagram желісіндегі obn.public парақшасы жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Біреу түнде біздің ағаштарымызды, кішкентай көшеттерімізді, тірі қоршау жасағымыз келген қарағаштарымызды аяусыз жұлып тастады. Мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл нағыз жабайылық. Есіңізде болса, олардың қалай жақсы тамыр жайғанын, қалай жақсы өсіп келе жатқанын, жақында қырқатынымызды, осында жасыл мини-қоршау болатынын мақтанышпен көрсеткенмін. Бірақ өкінішке қарай, біреуге бұл мүлдем керек емес, біреу тікелей қарсы. Бейнені көріңіздер», — делінген жарияланымда.
NUR.KZ тілшісіне Қарағанды облысы полиция департаментінде хабарлағандай, кофейня иесінің өтініші бойынша полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, құқық бұзушының жеке басын анықтады.
«Ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған, жалғыз тұратын 51 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды», — деді құқық қорғау органдарының өкілдері.
Кейінірек парақшада жаңа бейне жарияланды, оның сипаттамасында ағаштарды жұлған ер адам қайта келіп, кофейня қызметкеріне қорқыту жасағаны айтылады. Кадрларда оның мекемеге кіріп, қызметкерге сөйлегені көрінеді.
«Көшіп кеткенің дұрыс болар еді. Бұл кім болды... тірі қоршау туралы... Адамдар жүретін жерге осында отырғызса», — дейді ер адам бейнеде.
Қарағанды облысы полиция департаментінде ер адамның қайтадан мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылғанын түсіндірді.


