Қарағандыда полицейлер тонауға күдіктіні ізін суытпай ұстады. Қылмыстың құрбаны 39 жастағы жергілікті тұрғын болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиапорталында мәлім еткендей, оқиға дүкен маңында басталған. Жәбірленушіге бейтаныс адам келіп, ішімдікке ақша сұраған. Тұрғын өтінішін елемей, үйіне қарай бет алған, алайда қасарысқан жүргінші оны қуып жеткен.
Бейтаныс адам кенеттен ер адамның мұрнына соққы беріп, қолынан телефонын жұлып алып, бой тасалатқан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері шабуылдаушының кім екенін және қайда жүргенін тез анықтады. Ол жақын маңдағы үйде тұратын 36 жастағы қарағандылық болып шықты.
Ұрланған гаджет алынып, іске заттай дәлел ретінде тіркелді. Қазір тергеу жүріп жатыр, тергеу шаралары жүргізіліп жатқан уақытта күдікті қамауға алынды.


