Адам артық ештеңе алмайтын сияқты, бірақ айдың соңында ақшасы таусылып қалатыны ұсақ, жоспарсыз шығындарға байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы «Курсивке» қазақстандық қаржыгер, білікті аудитор және кәсіби бухгалтер Сұлтан Елемесов айтып берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оның айтуынша, өз шығынын бақыламай тұрып, бұл мәселенің әмбебап шешімі жоқ. Ең тиімді әдістердің бірі – жеке бюджет жүргізіп, шығындарды тіркеп отыру.
«Жүз пайыз нәтиже беретін «сиқырлы таблетка» не құпия шешім жоқ – бәрі әлдеқашан белгілі: бюджет жүргізу керек», – деді Елемесов.
Қаржыгердің пікірінше, ақшаның із-түзсіз жоғалып кеткендей әсер қалуы адамның кейбір сатып алуларын байқамауынан туындайды. Әсіресе бұл шағын, эмоцияға беріліп жасалған және жоспарланбаған шығындарға қатысты.
Алайда сарапшы жеке қаржыны бақылауды толыққанды бухгалтерияға айналдыруға кеңес бермейді. Тұрақты және ірі төлемдер, мысалы, тұрғын үй жалдау немесе коммуналдық қызметтер, әдетте алдын ала белгілі. Сондықтан спонтанды түрде жасалатын ұсақ сатып алуларды мұқият қадағалаған әлдеқайда маңызды.
Елемесов шығындарды үш негізгі санатқа бөлуді ұсынады: тұрақты, айнымалы және спонтанды. Айнымалыларға, мысалы, азық-түлік пен киімді жатқызуға болады. Соңғы санатты әсіресе мұқият тіркеп, әр айдың қорытындысы бойынша талдауға кеңес береді. Оның айтуынша, осындай есептен кейін адам көптеген ұсақ сатып алулардың қосындысы айтарлықтай шығын бабына айналатынын байқауы мүмкін.
Қосымша тежеуші фактор – әрбір жоспарланбаған сатып алуды жазып отырудың өзі. Егер адам осындай шығындарды үнемі тіркеуге мәжбүр болса, олардың бір бөлігінен бас тартуға қосымша себеп пайда болады.
Бірнеше ай есеп жүргізгеннен кейін ақшаның шынымен қайда кететінін анықтап, бюджетті түзету жеңілдейді. Босаған қаражатты Елемесов жинақтауға және инвестициялауға бағыттауды ұсынады.
Қаржыгердің пікірінше, адам нақты қаржылық нәтижені көргенде бюджет жүргізу әдеті тезірек қалыптасады. Ондай жағдайда ай ішінде ақша қайда кетті деген сұрақ біртіндеп өзектілігін жояды.
Бұған дейін банктер өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан салық ұстай бастайтыны хабарланған: 2027 жылдан бастап не өзгереді.


