Америка Құрама Штаттарындағы судья Кубаның бұрынғы көшбасшысы Рауль Кастроны ұстауға ордерге қол қойды. Бұл 1996 жылы гуманитарлық екі ұшақтың атып түсірілуіне байланысты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NBC телеарнасының дереккөздеріне сәйкес, ордер Оңтүстік Флоридада қол қойылған. Дереккөздердің мәліметінше, құжат Рауль Кастромен 1996 жылы екі гуманитарлық ұшақ атып түсірілген оқиғаға қатысы болуы мүмкін екенін қозғайды.
Ордерге Флорида штатының Майами қаласындағы Он бірінші сот округінің судьясы Ариана Фахардо Оршан қол қойғаны нақтыланды.
Бұған дейін АҚШ басшылығы Кубаның экс-президенті Рауль Кастроға 30 жыл бұрынғы оқиғалар үшін айып тағуға дайындалып жатқаны хабарланған.
Кейіннен колумбиялық сенатор Клара Лопес АҚШ-тың Рауль Кастроға қарсы айыптауын сынға алып, Вашингтон Кубаға қысымды күшейтпек болып жатқанын мәлімдеді.
Мамыр айының соңында АҚШ бас прокуратурасы Вашингтон Кубаның бұрынғы көшбасшысы Рауль Кастроны экстрадициялау үшін барлық тетікті пайдалануға ниетті екенін мәлімдеген.


