Бішкекте колумбиялық әнші Шакираның концертіне барған Қазақстан тұрғыны әртіс көрермендер залына лақтырған көзілдірігін ұстап алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
nazifat_04 деген лақап атпен танымал қазақстандық қыз Instagram-да reels форматындағы бейне жариялап, онда Бішкектегі концертте Шакираның көзілдірігін ұстап алғанын айтты. Әнші өнер көрсетіп жатқанда көзілдірігін көрермендер залына лақтырған. «Шакираның маған көзілдірігін сыйлау ықтималдығы өте аз, бірақ ешқашан нөлге тең емес», — деп жазды ол.
Келесі бейнеде қазақстандық қыз әншінің көзілдірігіне шолу жасады. «Концертте ұстап алған атышулы Шакира көзілдірігіне шолу жасаймыз. Мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес... әсер... Бірақ жалпы... Олар онша қымбат емес сияқты. Қалай ойлайсыздар, аукцион ашамыз ба? Бастапқы баға — 20 мың доллар», — деп жазды ол.
Пікірлерде қолданушылар Шакира көзілдірігін жиі көрермендер залына лақтырып, осылайша көрермендердің біріне сыйлық жасайтынын атап өтті. «Бұл — Versace көзілдірігі. Ол жомарт, концертте әрдайым көзілдірігін сыйлайды, ал сіз оның сыйлығын бағаламадыңыз», — деп жазды пікір қалдырушылар. Көптеген қолданушы қазақстандық қызды жұлдыздың көзілдірігін сатпауға көндірді. «Мен сатпас едім. Бұл — Шакираның өзінен қалған естелік, қымбат болмаса да, өте сәнді көрінеді. Өзіңізде қалдырыңыз», «Мен өмір бойы естелікке сақтап қояр едім!» — деп жазды пікір қалдырушылар.
Кейінірек қыз көзілдірікті сатпайтынын мәлімдеп, баршаны жағдайға әзілмен қарауға шақырған reels жариялады.
Еске салайық, Шакира Бішкекте 18 қазанда концерт берді. Біз оның қалай өткенін жазғанбыз. Кейін әнші Instagram-да Қырғызстанға деген махаббатын білдірген пост жариялады.


