Танзанияда қорқынышты жол апаты болып, кемінде 35 адам қаза тапты: жолаушылар автобусы ағаш тасыған жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысып, екі көлік те өртеніп кетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қайғылы оқиға Морогоро — Дар-эс-Салам тас жолында болды. Жергілікті биліктің мәліметінше, ағаш тасығыш қарсы жолаққа шығып кеткен, сол себепті Дар-эс-Саламнан Мбеяға бара жатқан автобуспен соқтығысқан.
Соққыдан кейін қатты жарылыс болды, содан кейін куәгерлердің айтуынша, екі көлікті де өлім әкелген жалын шарпыған. Жүк көлігі мен автобус толығымен өртеніп кетті.
The Tanzania Times басылымы 35 адамның қаза тапқанын хабарлайды. Ал бұған дейін жарияланған The Citizen Tanzania және Radio 47 басылымдарында 28 құрбан туралы айтылған.
Апат орнында өрт шығып, оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде таралып жатыр.


