Ақ үй басшысы Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Венесуэламен соғыста небәрі бір күнде жеңіске жеткенін мәлімдеп, Гренландияның ел үшін маңызы туралы да пікір білдірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Fox News телеарнасы Дональд Трамптың АҚШ-тағы алдағы аралық сайлау алдында сайлаушыларға арнаған үндеуінің кадрларын жариялады. Соңғы сөзінде ол Гренландия мен Венесуэла мұнайының Америка Құрама Штаттары үшін маңызына тоқталды.
«Біз Венесуэладағы соғысты небәрі бір күнде жеңіп шықтық, қазір мұнай сатудан жүздеген миллиард доллар табыс тауып отырмыз. Күн сайын бізге Венесуэладан мұнай келіп түседі, ол, білесіздер, аса маңызды көз болып саналады», — деді Трамп.
Сөзінде ол Гренландияны да атап өтті. Трамптың айтуынша, АҚШ Дания мен Еуропамен келісім жасасқан, ол бұл келісімнің Америка Құрама Штаттары үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап көрсетті.
«Енді біз Гренландияны шектеусіз шарттармен алдық», — деп сендірді Трамп.
Еске салайық, шілдеде Трамп та АҚШ Венесуэланы бір күнде жеңіп, Иранды талқандағанын мәлімдеген еді.


