АҚШ-та шоу-бизнес тарихындағы ең шулы істердің бірі бойынша үкім шықты: аты аңызға айналған рэпер Тупак Шакурды өлтірген Дуэйн «Кеффи Ди» Дэвис 40 жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығымен өмір бойы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бұрынғы South Side Compton Crips бандасының көсеміне үкімді судья Карли Кирни оқыды. «Жазаның жиынтық мерзімі – 40 жылдан өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін. Осы мерзімді өтеу есебіне сізге 731 күн есептеледі», – деді судья.
Бұған дейін Дуэйн Дэвисті Лас-Вегас қазылар алқасы кінәлі деп таныған еді – бұған ұзақ жылдарға созылған тергеу жұмыстары түрткі болды. 63 жастағы айыпталушының өзі 1996 жылдың қыркүйек түнінде 25 жастағы орындаушы атып өлтірілген оқиғаға қатысқанын бірнеше рет жария түрде айтып келген.
Музыканттың туыстары қазылар алқасының бұрынғы банда көсемі Дуэйн Дэвисті Тупак Шакурды өлтірді деп кінәлі танығанына қуаныш пен жеңілдік сезімін білдірді.


