Украина президенті Владимир Зеленский украин тарапы соғыс алаңында атысты тоқтатып, Ресеймен қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеуге көшуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Оның айтуынша, Киев қазіргі ұстанымдарында тоқтауға дайын. «Біз осы қадамдарға дайынбыз — тұрған жерімізде қалып, сол жерде тоқтаймыз. Біз соғыс алаңында атысты тоқтату туралы айтып отырмыз. Бұл компромисс бола ма? Әрине, өте үлкен компромисс. Біз оның (Ресей президенті Владимир Путин — ред. еск.) біздің жерімізден кеткісі келмейтінін түсінеміз. Сондықтан да біз: „Жарайды, осы жерде тоқтап, дипломатияға көшейік“ дейміз», — деп келтіреді оның сөзін Aljazeera.

Владимир Зеленский Украина мен Ресей арасындағы соғысты реттеудегі Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың рөлі туралы бөлек айтты. «Трамп президент болып қала береді және АҚШ Конституциясына сәйкес оның билігі жеткілікті. Ол осы соғысты аяқтаудың жолын іздеуді жалғастырады деп үміттенемін. Бірақ бұл үшін Украина төлеуі тиіс деген жағдайға байланысты ғана емес, өйткені бұл дұрыс емес», — деді ол.