Сыныптан тыс жұмыс
«Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» пікірлесу сағаты
Мақсаты: Оқушыларға өмірде ата - анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Адамның ниеті, ойы, іс - әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез - келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан - дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
Адалдық өмірінде керек нәрсе,
Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін - өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен, ата - анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» атты пікірталасу сағатына қош келдіңіздер. Келген қонақтар, оқушылар бүгінгі кеште адалдық, адамдық жайында ойымызды ішімізге бүкпей ортаға сала отырайық. Бүгінгі пікірталасу сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І - бөлім - сұрақтарға өз ойын білдіру.
ІІ - бөлім - адалдық, адамдық туралы мақал - мәтелдерге түсінік беру.
ІІІ - бөлім - ситуациялық сұрақтарға өз ойын білдіру.
І бөлім.
Жалпы адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?
Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
Адал болу кез - келген адамның қолынан келмейді? Неліктен?
Ата - анаға, бауырға, ортаға жалпы өмірде адал болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Сен өзіңді адал жанмын деп айта аласың ба?
ІІ бөлім.
Мақал - мәтел - халық даналығының бір түрі. Олардың тақырыптары да әр алуан. Мақал - мәтелдің мағына - мәні де терең, аз сөзбен көп мағынаны, үлкен ойды жеткізеді. Ендеше бүгінгі адалдық тақырыбындағы мақал - мәтелдерді айта отырып, мағынасын түсіндіріп өз ойымызды білдірсек. Бүгінгі тақырыбымыз «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді»дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз түсініктерін, өз ойларын айтты. Осы тақырыпта тағы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
ІІІ бөлім.
Бүгінгі кешімізге келген қонақтарымызға дайындаған ситуациялық сұрақтарымыз бар. Ендеше кезек берейік.
1. Сенің Айнұр шын сырлас, мұңдас досың. Ол сыныбыңдағы Айгүлмен ренжісіп қалады да саған келіп Айнұрдың кемшіліктерін айтып досыңды жамандады. Сенің әрекетің?
Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көрді. Менің қалтамда апамның «самса алып жерсің» деп берген ақшасы бар. Кеттік, кино көрейік,- деді. Алмагүл: Үйден сұранып шыққан жоқпыз. Іздеп қалады ғой,- деп іркіліп қалды. Ештеңе етпес, «мектепте болдық» деп айта саламыз. Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнде кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: «менің анам, сенімен бірге жүргенімді білсе, ол қарсы болмайды»,- дейді. Досым үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін, мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым.. Басында мен қиналмастан, оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұмытпайтын болдым. Менің досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек?
Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Қазақ халқы қандай да бір дау шықса билерге барып істің ақ - қарасын, әділдігін шешеді. Ендеше бүгінгі кешімізге оқушылардың дайындап келген адалдық жайында ертегілері бар екен. Соларға кезек берейік.
Білім мен өнерді сүй, сусында,
Деп айтсын ел «Осындай ер тусын да!»
Арың адал, әділ болсаң әрқашан,
Дүниенің бар бақыты уысында.
Түспегені абзал ғой арға дақтың,
Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың,
Адал адам әрқашан - еңсесі тік,
Әділдікті ту еткін, қолғанатым.
Бүгінгі кеште ойымызды ортаға салып адалдық, адамдық туралы көп нәрселер айтылды. «Адалдық - адамдықтың белгісі» демекші осы өмірде адал болып, тек адалдық істер істеп адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі болып жүрейік.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
ГКС - 12 орта мектебі, Мұрағатшысы
Жүзжасарова Лайық Боранғазықызы
Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді пікірлесу сағаты
«Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» пікірлесу сағаты
5 Mart 20241471 görüntülenme

#адамдық#адалдық#адал ұрпақ#адал болу#адалдық тәрбие сағаты
Önerilen
Astana'da stadyumda ayaklarını koltuk sırtlığına koyan kişiye 86 bin tenge ceza
Astana'da bir stadyumda ayaklarını ön koltuğun sırtlığına koyan 28 yaşındaki kişiye 86 bin tenge para cezası verildi. Polis kamu düzeni uyarısı yaptı.
10 dk önce
Kairat Kelimbetov, Freedom Holding yönetim kurulundan ayrıldı
Eski Merkez Bankası Başkanı Kairat Kelimbetov, Freedom Holding Corp yönetim kurulundan ayrıldı. İstifa anlaşmazlıklarla ilgili değil, kurul 7'den 6'ya düştü.
10 dk önce
'Çok temkinli bir adam': Ünlü komedyen, Meyrambek Besbayev'i anlattı (video)
Komedyen Kanat Tashan, şarkıcı Meyrambek Besbayev’in davetlerde çok temkinli olduğunu, video çekilmesini yasaklayıp tüm telefonları aldığını anlattı. Detaylar infohub.kz’de.
30 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

