Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы
Ата Заңым - айбарым
Жүргізуші: Құрметті бүгінгі «Ата Заңым - айбарым» атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары! Баршаңызды Тәуелсіз еліміздің тұғырын биікке көтерген Ата Заңымыздың туылғанына 15-жыл толған мерей тойымен құттықтаймыз!
Ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі
Ү. Аширбековаға береміз.
Ата Заңым – айбарым
Ел мүддесін қорғаған
Аясында өзіңнің
Бүгін тойың тойланған. - деп балабақшамыздың өнерпаз бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
(Балалар саппен келіп ортаға тұрады)
Хор: «Әнұран»
Ернұр: Ата Заңның аясында
Жадырап біз өсеміз
Білім алып өнегемен
Биіктерге жетеміз
Қарақат: Ешкімді де қас көрме
Бірақ қасқа дес берме
Айбыны болып елімнің
Ата заңды қастерле
Аружан: Құтты болсын қос мереке
Ата Заңмен білім күні
Байлық әкел туған елге
Бақыт әкел бүлдіршінге
Хор: «Балабақша»
Радамир: Білім күні құтты болсын
Бар балаға бақшадағы
Егемен ел аясында
Жарқын болсын болашағы
Мағжан: Жарық болсын күніміз
Жарқын болсын күніміз
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз
Сымбат: нағыз білім ырыс бақ
Дүниені түр ұстап
Енді біздер білімге
Кірісеміз дұрыстап.
Хор: «Біз дәуірдің түлегіміз»
Айболат: Мен бақшаға барамын
Әріп тани аламын
Санды үйреніп санаймын
Мен білімпаз баламын
Айсұлу: Ән үйренем бақшада
Би билеймін тамаша
Танысамын өнердің
Сан түрімен жаңаша.
Әлімбет Айсұлудың орындауында «Қазақ биі»
Гүлкөктем.
Күннің көзі шуақты
Сергітеді денеңді
Даярлықтың бүгін мен
Шәкіртімін міне енді
Нұрдаулет: Аспанда күн күлімдеп
Ата берсін нұр таңым
Көк байрағың желбіреп
Жаса, жайна Отаным.
Гүлназ: Отан ана отан жер
Менің жерім туған ел
Ата заңым ардағым
Төгер маған шуағын
Арсен: Айналамен танысам
Табиғатты сүйемін
Өйткені мен келешек
Сол ортаға иемін.
Бишілер тобы -«Қара жорға»биі
Хор:»Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші: Құрметті бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары! мен бүлдіршіндеріміздің мерекелік сәлемін аяқтай отырып қортынды мерекелік лебізін білдіру үшін ата-аналарға сөз берсек.
Ата Заңым-айбарым
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
4 Mart 2024683 görüntülenme

#балабақша#ашық тәрбие сағаты#ата заңым айбарым
Önerilen
Plastik cerrah, eski eşinin üzerine kaynar yağ döktü: kadın bir gözünü kaybetti
Bağdat'ta plastik cerrah eski eşine kaynar yağ döktü: kadın bir gözünü kaybetti, ağır yanıklar aldı. Olay aile içi şiddet tartışmalarını başlattı.
15 dk önce
Astana'da inşaat halindeki binada yangın söndürülüyor
Astana'nın Yesil bölgesinde inşaat halindeki bir binanın çatısında yangın çıktı. Dört katlı binanın çatısında başlayan yangında can kaybı yok. Yangın alanı 150 m².
15 dk önce
Kairat Kelimbetov, Freedom Holding yönetim kurulundan ayrıldı
Eski Merkez Bankası Başkanı Kairat Kelimbetov, Freedom Holding Corp yönetim kurulundan ayrıldı. İstifa anlaşmazlıklarla ilgili değil, kurul 7'den 6'ya düştü.
35 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

