Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Шаиева Алия Сайфеденқызы
Көктемде ең алдымен келетін
Өзіміз күтіп алатын
Ұя салып беретін
Бұл қай құс, достар? (Қараторғай)
Түгі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды
Көктем жұлдыз аққандай (Қарлығаш)
Заң жоқ еш уақытта
Біздерді атуға
Түсім де аппақ.
Атым да... (Аққу)
Орманда жоғары
Ағашқа қонады
Тұмсығын балға ғып,
Тоқ - тоқ соғады (Тоқылдақ)
Әуеде бір ноқат
Тапжылмай қалқып тұр.
Әдемі бір ырғақ
Аспаннан шалқып тұр. (бозторғай)
ІІI. Мағынаны тану
- Балалар, табиғатты құстарсыз елестету мүмкін бе? Қалай ойлайсыздар?
Құстар – біздің қанатты досымыз. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл күйіне әсер етеді. Біздің халық ежелден - ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамдарын құсқа теңеген – мысалы, әншілерін бұлбұлға, батырларын бүркітке, елден асқан сұлуларын – аққуға және т. б.
Қазақ халқы табиғатқа табына жүріп, оны қастерлеп, киелі санап, пір тұтқан. Оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасаған. Табиғаттың ажары болған жануарлар мен құстардың, гүлдердің аттарын ұл – қыздарына қойған.
- Қандай гүлдердің аттарын қойған?
- Гүлім, Раушан, Лалагүл, Райхан т. б
- Қандай құстардың атын қойған?
- Қарлығаш, Лашын. Тоты. т. б.
Қалқып тұрып аспанда,
Үн шығарып сан қилы,
Өнерiне басқанда,
Тұла бойың балқиды. (Бозторғай)
Дүниежүзінде бозторғайлардың 74 түрі бар, Қазақстанда олардың 13 түрі өмір сүреді.
Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 – 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар – жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.
Оқулықпен жұмыс.
1) Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқып, мазмұнын ашу.
2) Сөздік жұмысы. «Түртіп алу» стратегиясы.
3) Сұрақ - жауап.
Бозторғай
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
5 Mart 2024639 görüntülenme

#бозторғай#құстар#құстардың табиғатқа пайдасы көп
Önerilen
Astana'da inşaat halindeki binada yangın söndürülüyor
Astana'nın Yesil bölgesinde inşaat halindeki bir binanın çatısında yangın çıktı. Dört katlı binanın çatısında başlayan yangında can kaybı yok. Yangın alanı 150 m².
15 dk önce
Plastik cerrah, eski eşinin üzerine kaynar yağ döktü: kadın bir gözünü kaybetti
Bağdat'ta plastik cerrah eski eşine kaynar yağ döktü: kadın bir gözünü kaybetti, ağır yanıklar aldı. Olay aile içi şiddet tartışmalarını başlattı.
15 dk önce
Kairat Kelimbetov, Freedom Holding yönetim kurulundan ayrıldı
Eski Merkez Bankası Başkanı Kairat Kelimbetov, Freedom Holding Corp yönetim kurulundan ayrıldı. İstifa anlaşmazlıklarla ilgili değil, kurul 7'den 6'ya düştü.
35 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

