Балабақшамен қоштасу мерекесіне арналған сценарий
Тақырыбы: Даярлыққа барамыз
Зал әдемі безендірілген
Кейіпкерлер: Буратино, Мальвина, Қызыл және Сары қарындаштар
Жүр: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда
Жол табар қараңғыда адасқанда
Мал озбас біле білсең, білім озар
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп ақындарымыз айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толып, оңы мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Даярлыққа барамыз» мерекесін бастау ашық деп жариялаймыз.
Жүрг: Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә қашсаңызда
Қол қошеметпен шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді.
Даярлық тобына аттанғалы отырған балаларымыз (балалардың аттарын атап шығады) Ал енді түлектерімізді қарсы алайық.
Жалпы би: «Вальс»
Жүрг: Даярлығымыз шақырады бізді алдан
Алдымызда әлі талай сан арман
Қоштассақ та балабақшам сенімен
Санамызда өзің берген өнегең – деп қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебіздерін тыңдайық:
Фариза: Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл - қызын.
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышыңа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Айзере: Балабақшам сүйікті
Тақылдатып сөйлетті
Шынықтырып денемді
Шымыр бол деп үйретті
Жамандықтан жирентіп
Жақсылыққа үйретті.
Алихан: Менің туған ауылымда
Орналасқан бақшамыз
Сұрасаң аты «Дәншік»
Әсем бақша көрікті
Білім беріп мәпелейді
Өрлетер өмір шыңына
Еркін өсер әр бала
Біздің балабақшада.
Қымбат: Сезімі толған баламыз
Оянды ақыл санамыз
Адамдықтың бастауын
Өзіңмен алып барамыз
Қош балалар, бал қылық
Түстік білім жолына
Орнымызды қалдырып
Сәбилердің тобына.
Ән «Қош бол, балабақша»
Жүрг: Енді «Айгөлек» тобының көрінісін тамашалаңыздар.
(«Балдырған» әнімен қолдарына шарларын ұстап, 5 баладан залға жүгіріп кіріп 3 қатарға тұрып билейді, соңында шарларды жібереді).
Даярлыққа барамыз. жүктеу
Даярлыққа барамыз
Балабақшамен қоштасу мерекесіне арналған сценарий
5 Mart 2024694 görüntülenme

#балабақшамен қоштасу ертеңгілігі#сценарий балабақшамен қоштасу#даярлыққа барамыз
Önerilen
İspanya, Fransa'yı 2-0 yenerek 2026 Dünya Kupası finaline yükseldi: Yarı final özeti
İspanya, 2026 Dünya Kupası yarı finalinde Fransa'yı 2-0 yenerek finale yükseldi. Finalde İngiltere - Arjantin eşleşmesinin galibiyle karşılaşacak. Maçın önemli anları.
5 dk önce
İran, Bahreyn ve Kuveyt'teki ABD Askeri Üslerine Saldırdı
İran, Bahreyn ve Kuveyt'teki ABD üslerine füze saldırıları düzenleyerek MQ9 insansız hava araçlarını ve silah depolarını imha etti. İran Devrim Muhafızları operasyonu doğruladı.
25 dk önce
Günahlarımı ve zorluklarımı üstlenenlere binlerce teşekkür: Tamara Asar eleştirmenlere yanıt verdi
Şarkıcı Tamara Asar, bir partiye katılıp kurucu meclis milletvekili adayı olduktan sonra sosyal medyadaki eleştirilere yanıt verdi. Destekçilere ve eleştirenlere teşekkür etti.
25 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

