Келді міне, Жаңа жыл! ертеңгілігі
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы түсінік бере отырып, өлең тақпақ айта білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сұрақтар қойып ойларын бекіту. Мереке кезіне ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Залға кіру (Мултфи үзінді Ну пагади Қоян мен қасқыр)
Қасқыр: Келді тағы жаңа – жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді
Қоян: Ал қанекей балалар
Босқа қарап тұрмайық
Ортаға кеп бәріміз
Би билеп ән шырқайық.
( ән хор Аязата әні)
Қоян: Салем, достым, аман ба?
Шырша құрып алаңға
Жылға шашу шашайық
Тойлап көңіл ашайық.
Қасқыр: Қоян сен тақпақ айтып тұрсың ба? Ха - Ха - Ха Біздің балалар тақпақ айта алады.
Аңсар
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Гүлім
Жаңа - жыл, жаңа – жыл
Тамаша, тойымыз
Алақай, алақай
Өседі бойымыз.
Нұрхан
Жасыл шырша төрдегі
Дейді бәрің көр мені
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып
Құралай
Ақ таяғын тайынып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ көрпеге оранып
Самир
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міні сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Ғани
Жаңа - жыл. жаңа - жыл.
Жаңа - жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жадында
Бейлеп барлық бала жүр
Кишкенебаева Динара Асқаровна
Атырау қаласы Бірлік ауылы
№33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі
Келді міне, Жаңа жыл! жүктеу
Келді міне, Жаңа жыл!
Келді міне, Жаңа жыл! ертеңгілігі
5 Mart 2024611 görüntülenme

#жаңа жылдық сценарий#жаңа жыл ертеңгілігі#жаңа жыл балабақшада сценарий
Önerilen
'Çok temkinli bir adam': Ünlü komedyen, Meyrambek Besbayev'i anlattı (video)
Komedyen Kanat Tashan, şarkıcı Meyrambek Besbayev’in davetlerde çok temkinli olduğunu, video çekilmesini yasaklayıp tüm telefonları aldığını anlattı. Detaylar infohub.kz’de.
11 dk önce
Hâkim, Sultan Sarsemaliyev'e neden müebbet hapis cezası verildiğini açıkladı
Atırav'da hâkim Zarema Hamidullina, Sultan Sarsemaliyev'e dört kişiyi öldürme ve diğer suçlar nedeniyle verilen müebbet hapis cezasının gerekçesini açıkladı. Sanığın akıl sağlığı yerinde bulundu.
31 dk önce
Almatı'da LRT'nin hizmete gireceği tarih belli oldu
Almatı'da LRT 2027 sonunda açılacak. 18 km'lik ilk hat Alatau bölgesini merkez ve tren istasyonuna bağlayacak. LRT kablosuz olacak, istasyonlarda şarj edilecek.
31 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

