Сабақтың тақырыбы: Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау.
Мақсаты: а) Кілем бұйымдарының алғашқы нобайын жасап және қажетті жабдықтарды пайдалану арқылы қысқаша мағлұмат береміз.
ә) Оқушылармен біріге отырып, кілем тоқу әдісін жасап көрсетеміз. СТО бағдарламасы бойынша стратегияларды пайдалануда ой - қабілеттілігін дамытамыз.
б) Эстетикалық талғамға сай, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелейміз.
Міндеті: Кілем тоқуға қажетті құрал - жабдықтарды жасақтаймыз және орындалу технологиясын түсіндіреміз.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақты байланыстыратын пән: Тарих, Әдебиет, Сызу, т. б.
Жаңа технология: СТО бағдарламасы.
Пайдаланатын стратегия: «Көрнекілік», «Болжау», «Өзім үшін жазу», «Ойды сыртқа шығару арқылы ойлау» стратегиялары.
Көрнекілік: Слайд, қажетті құрал - жабдықтар сызбасы, дайын бұйым түрлері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.
Мағынаны тану:
Кілем – арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метрге өне бойына бір миллионға жуық жіп тіндерін келтіріп, өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Кілем ерте кезден әр түрлі құралдармен тоқи отырып, жылулық пен сұлулықты танытқан.
Кілем үлгілері әр түрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қолөнер шебері өз еңбектерінде ұлттық ою - өрнектермен қатар қазіргі заман тыныстысын бейнелейтін жаңа түр сипатқа ие болды. Біздер кілем тоқу үшін басты нұсқасын немесе нобайын жасақтаймыз. Ол үшін бізге қажетті жабдықтарды қарастырамыз.
«Көрнекілік» стратегиясы:
- Сурет бойынша өз пікірімізді айтамыз.
- Ойымызды жинақтаймыз.
- Ой сезімді қорғаймыз.
«Болжау» стратегиясы:
Сіз не болады деп ойлайсыз?
Сізде қандай дәлел бар?
Не шығуы тиіс?
Топтық жұмыс: Стратегияда көрсетілген жұмыстар бойынша оқушылар топқа бөлінеді.
«Өзім үшін жазу» стратегиясы:
Кілем тоқуға қойылатын талаптарды жазып аламыз:
1. Арқау темір тісті тарақпен нығыздалатын болғандықтан ширатылған мақта жібі болу керек;
2. Кілемнің қолданылу мақсатына қарай түгі қайшымен кесілген биіктікте біркелкі тегістеліп қырқылып отыру керек;
3. Кілем өлшемі міндетті түрде эскиз бойынша тоқылады, формасы тіктөртбұрыш болу керек;
4. Кілемнің екі жағындағы тықыр шеті тығыз тықыр тоқылатын әдіспен тоқылады, биіктігі 2см-ден аспайды;
5. Екі шеті де 30 - 50мм ұзындықта шашақталады;
6. Тықыр шетіндегі шашақтар тарқатылып кетпес үшін түйінделіп байланады.
«Ойды сыртқа шығару арқылы ойлау» стратегиясы:
Ойларым
Түсініктеме
Болжау
Сұрақ
Қорытынды
Ой қорыту:
Кесте бойынша оқушылардың түсінігін бақылау арқылы сабақты бекітеміз.
Бағалау: Оқушы қабілеті мен икемділігін қадағалаймыз.
Үйге тапсырма: Қажетті жабдықтар әкелу.
Жұмыс орнын жинастыру.
Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау
Сабақтың тақырыбы: Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау.
5 Mart 2024768 görüntülenme

#технологиядан сабақ жоспары#кілем бұйымдарын жасау
Önerilen
15 Temmuz Hava Durumu Tahmini: Kazakistan'ın Büyük Bölümünde Şiddetli Sıcaklık Devam Ediyor
15 Temmuz'da Kazakistan'da şiddetli sıcaklık devam ediyor; kuzey ve batıda sağanak ve gök gürültülü fırtınalar bekleniyor. Şehir bazında hava durumu tahmini.
5 dk önce
Şımkent'te Anormal Sıcaklık: Termometreler 66 Dereceyi Gösterdi
Şımkent'te anormal sıcaklık: termometreler 66 dereceye kadar gösteriyor. Sıcağın hafta sonuna kadar sürmesi bekleniyor. Halk Koşkar-Ata Nehri'nde serinliyor.
25 dk önce
Uluslararası ekipli Soyuz MS-29 Baykonur'dan fırlatıldı
Baykonur'dan fırlatılan Soyuz MS-29, uluslararası ekip Dubrov, Kikina ve Menon'u UUİ'ye taşıyor. İki turlu kenetlenme, sekiz aylık görev Nisan 2027'de bitecek.
25 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

