Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерге қарсы дауыс берген маңғыстаулықтардың саны белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы алдын ала қорытындыларды жариялады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Референдумға қатысу көрсеткіштері

Ел бойынша референдумға 9 127 192 адам қатысып, бұл жалпы сайлаушылардың 73,12%-ын құрады. Өзгерістерді қолдаған азаматтардың саны 7 954 667-ге жетіп, бұл дауыс бергендердің 87,15%-ын құрады.

Маңғыстау облысының көрсеткіштері

Маңғыстау облысында референдумға 345 554 адам қатысты. Оның ішінде 322 732 сайлаушы, яғни 93,40% референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін қолдап дауыс берді. Ал 9 303 адам қарсы дауыс берді.

Сонымен қатар, өңірде 7 844 бюллетень жарамсыз деп танылып, 5 675 бюллетень жарамды болғанымен, санаққа есептелмеді. Маңғыстау облысында дауыс беру құқығына ие 444 875 азамат болған.