Танымал блогер, әзілкеш Мейрамбек Бесбаев жайлы шындықты айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ол әншінің өте сақ адам екенін байқаған. Айтуынша отырыстарда ешкімге өзін түсірткізбейді.

«Мейрамбек ағамыз өте сақ адам. Ол кісіні өте көп жерлерде қонақ қылады. Бір адам телефон шығарып қалды ма отырысты тоқтатады да, «әкел, не түсіріп отырсың?» деп телефонын алып қояды. Түсіріп отырған адамның жанын шығарады. Кім дастархан жайып отыр соған береді. «Қандай адамдарды жинағансың? Менің абыройымды төгу үшін шақырдың ба сен?» деп айтып тастайды. Ол кісі жәй отырмай бәрін байқап отырады. Биыл өзі сливтар жылы болды ғой. Видеолар шығып кетіп жатыр», — деді әзілкеш.

Желі қолданушылары жазбаның астына әртүрлі пікірлер қалдырды.

«Жасыратыны бар да», «Артым ашылып қалмасын дейді да», «Арты таза емес болған соң шығар», «Өзі абыройын шашатын әрекет жасамаса не қорқатыны бар», «Сақ болмаса екінші әйел ұстай ма», «Қазанға жоласаң күйесі жұғады», «Мейрамбектің артын ашып отырсың ғой», — деп жазды оқырмандар.