Егемен, Тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың қолында. Әйтсе де оған дұрыс бағыт бағдар берушінің бірі ата – ана болса, тағы бірі ол – біз, яғни мұғалім. Осы өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Мектеп жұмыс пен оқушы жетістіктерін өрістеуіндегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болу үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан - жақты білікті болуды талап етеді.
Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарының негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден – жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпал тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды. Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.
1 - модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдері оқу бағдарламасының басты мақсаты деп білемін. Сыныпты топқа бөліп оқыту, ережеге, уақытқа бағыну, постер қорғату. Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой – пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


