Түрік соты «Сумуд» гуманитарлық флотилиясының ісін қарап, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды Интерпол арқылы халықаралық іздеуге жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Halk TV телеарнасының хабарлауынша, Нетаньяху және 34 израильдік шенеунік адамзатқа қарсы қылмыс, геноцид, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, бостандығынан айыру, қатыгездік, тонау және көлік құралдарын заңсыз ұстау сияқты қылмыстармен айыпталуда.
«Сумуд» гуманитарлық флотилиясы (араб тілінде «сумуд» — «төзімділік» деген мағынаны білдіреді) — халықаралық азаматтық бастама. Оған 45 елден 500-ден астам белсенді қатысқан 50-ден көп кеме кірді. Мақсаты — Израильдің Газа секторына теңіз блокадасын бұзып өтіп, гуманитарлық көмек жеткізу. Қазанда тарихтағы ең ірі азаматтық колонна Кипр маңында Израиль әскери-теңіз күштерімен тоқтатылды. Флотилия қайтадан түріктің Мармарис портынан жолға шықты. Израиль кемелері Крит пен Кипр жағалауындағы бейтарап суларда ұстау операциясын бастап, 175-ке жуық белсендіні ұстады. Бұл халықаралық аренада қайтадан шиеленіс тудырды.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұған дейін қазіргі Израиль үкіметі «соғысқа тәуелді болып қалғанын» және Таяу Шығысты қантөгіске қайта батыруға мүмкіндік алмауы керек екенін айтты.


