Орта тас ғасыры (мезолит)
Конспект
Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын болып жүретін аңдар жойылып кетті. Жеке жүретін бұғы, қабан секілді аңдарды қуып аулау қажеттігінен аңшылар садақ пен жебені ойлап тапты. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Сондықтан мезолит дәуірінің басты жаңалығы садақ пен жебе болып есептеледі.
Бұл дәуірдің үлкен жаңалығының бірі — ұзындығы 1 - 2 см ұсақ жаңқа тастан жасалған құрал (микролит).
Археологтардың қазба жұмыстары кезінде мезолиттік ескерткіштер аз табылды. Қазақстан аумағында 20 - дан астам мезолиттік тұрақтар белгілі. Бұл дәуірде аңшылар бір жерде ұзақ мекендемегендіктен, олардың баспаналары да тұрақты болмады. Мезолит дәуіріндегі адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойын мекендеген.
Мезолиттік баспаналар тұрақты болмады. Баспаналар жеңіл қос секілді, ағаштан айқастырып құрылып, үстінен аң терісін жабылатын. Есіл өзені аңғарынан қабырғалары терең көмілген, көлемі 40 - 60 шаршы метр болатын осындай баспана табылды.
Б. з. б. 8 мыңжылдықта күн жылынып, қолайлы климат орнады. Мұндай жағдайда жылы үй салу аса қажет болмады.
Палеолиттің соңы мен мезолиттің басында үлкен табиғи - климаттық өзгерістер жүріп жатты. Жер бетін басқан алып мұздық еріді, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрлері қалыптаса бастады. Мезолит дәуірі б. з. б. 12 - 5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.
Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады. Терімшіліктің дамуы алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді. Адамдар жерге жабайы өсімдіктерді еге бастады. Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты.
Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Қауым үш топқа бөлінді: қариялар, ересектер, балалар. Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау ғұрыптары (инициация) арқылы жүзеге асырылды. Ұлдар аң аулаудан, садақ атудан, ал қыздар үй шаруасынан, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды.
Егіншіліктің шығуы әйелдер еңбегіне байланысты болған. Алғашқы егіншілер жерді таяқ қазғышпен қопсытты, кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Егінді оратын тас орақты және дәнүккішті жасады.
Конспект сұрақтар
1. Бұдан 10 мың жыл бұрын пайда болған шаруашылық:
2. Балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы:
3. Мезолит дәуірінің ерекшеліктері:
4. Мезолитте болған үлкен климаттық өзгеріс:
5. Аңшылардың жеңіл қос секілді баспаналары болған кезең:
6. Қазақстан жерінде археологиялық ескерткіштер аз табылған кезең:
7. Садақ, жебе, микролиттің пайда болуы басты жаңалық болған дәуір:
8. Мезолит дәуірінде қауым қандай топтарға бөлінді:
9. Мезолит дәуіріне жататын тұрақты көрсетіңіз:
10. Орта тас ғасыры (мезолит) қай мыңжылдықтарды қамтиды:
11. Қай кезеңде ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты:
Тақырыптың тесті
Орта тас ғасыры (мезолит). жүктеу
Орта тас ғасыры (мезолит)
Орта тас ғасыры (мезолит)
5 Mart 2024629 görüntülenme
#мезолит#орта тас ғасыры#тарих пәні бойынша конспект
Önerilen
AEK, Kazakistan'a akıllı telefon ve tablet ithalat kurallarını sıkılaştırdı
Akıllı telefon ve tablet ithalatı kurallarını sıkılaştırdı: 14 Temmuz'dan itibaren Kazakistan ve Kırgızistan için gümrük beyannamelerinde IMEI kodları zorunlu.
8 dk önce
Kairat Satybaldyuly'ye ait müsadere edilen iş merkezi yine alıcı bulamadı
Almatı'daki Kaisar Plaza iş merkezi, 14 milyar tenge düşürülen fiyata rağmen yine açık artırmada satılamadı. Müsadere süreci ve değerleme raporu haberde.
28 dk önce
İran ve ABD yeni saldırılarla karşılık verdi; Tahran 14 ölü bildirdi
İran, ABD'nin yeni saldırılarında 14 ölü bildirdi. Devrim Muhafızları, Bahreyn ve Kuveyt'teki üslere misilleme yaptı. Basra Körfezi'nde gerilim hızla tırmanıyor.
48 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

