Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. №15 өзіндік жұмыс
Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау
ә) Сабақтағы өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойын есте сақтау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру.
б) Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Қайталау - жинақтау
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар:
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; Бақылау – байқау әдістері
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
А) Шаттық шеңбері
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.
Сөзжұмбақ шешейік!
1. Әсем ғимараттары бар орталық -----1. Қала
2. Тәтті жеміс ----------------------------------2. Алма
3. Қан тоқтататын дәрі ----------------------3. Йод
4. Үй құсы ---------------------------------------4. Тауық
5. Қасиетті жан --------------------------------5. Ана
6. ешкі төлі -------------------------------------6. Лақ
7. Біздің қала ----------------------------------7. Атырау
8. алақан ----------------------------------------8. Уыс
Шешуі: Қайталау
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
«Автор орындығы»
Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
№1. Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?
№2 Дыбыстар нешеге бөленеді?
№3 Заттың атын білдіретін сөздер ережесі
№4Заттың қимылын білдіретін сөздер ережесі
IV. Мақсат қою кезеңі:
«Байланыстыр»
---------- Кім?----- Не?---- Не істеді?--- Қандай --- Қанша?---- Нелер?
қалың
елу
Бала
алма
оқыды
құстар
«Көзбен көр, сөзбен өр» табиғат аясына саяхат
Көктем суреті: Көктем келді. Күн ашылды. Ауыл адамдары жайлауға көшті.
Мал өріске шықты. Көктем мезгілі көңілді.
VII. Бекіту кезеңі:№15 өзіндік жұмыс:
1. Бес сөзден тұратын сөйлемді белгіле:
А) Айгүл ауылға барды.
Ә) Әжем маған қолғап тоқып берді.
Б) Атамның көзілдірігін алып бердім.
2. Қай сөз буынға дұрыс бөлінген:
А) бұл - т
Ә) көл - ең - ке
Б) кө - лең - ке
3, Тасымалданбайтын сөзді тап:
А) шағала
Ә) асық
Б) белдік
3. Ой толғаныс: Топтық жұмыс:
1-топ:
Бес жол өлең
1. Көктем
2. Ашық, жылы
3. жылынды, ашылды,
Жадырады.
4. Көктем айналаға сән
береді.
5. Мезгіл.
2-топ:
Төрт жол тақпақ
Көктем келді жадырап,
Гүлге толы атырап.
Айналаға нұр шашып
Ашылды күн жарқырап.
3-топ:
Көктем көрінісі әңгіме
Көктем келді. Күн жылынды.
Жер көгерді. Көктемгі қызу еңбек басталды.
Дыбыстық талдау:
1-топ: ---------------- 2-топ: ------------ 3-топ:
Көктемде ----------- Көлде ---------- Жайлау
Түйіндеме:
Білетінім
Үйренгенім
Білгім келеді
VIII. Үйге тапсырма, бағалау
Сабақ соңы:
Өзіндік жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. №15 өзіндік жұмыс
5 Mart 2024853 görüntülenme

#ашық сабақ#өзіндік жұмыс#ана тілі 1 сынып
Önerilen
Arıs Belediye Başkanının Oğlunun Karıştığı Trafik Kazası: Baba Yetkiliden Açıklama
Arıs Belediye Başkanının oğlunun kullandığı taksi, Astana-Pavlodar yolunda kaza yaptı: yolcu iki bacağını kaybetti. Başkan, soruşturmaya müdahale etmeyeceğini açıkladı.
14 dk önce
İspanya, Fransa'yı 2-0 yenerek 2026 Dünya Kupası finaline yükseldi: Yarı final özeti
İspanya, 2026 Dünya Kupası yarı finalinde Fransa'yı 2-0 yenerek finale yükseldi. Finalde İngiltere - Arjantin eşleşmesinin galibiyle karşılaşacak. Maçın önemli anları.
34 dk önce
Almatı'daki Tomiris mikro bölgesinde büyük yangın: itfaiye ekipleri çalışıyor
Almatı'da Tomiris mikro bölgesindeki idari binada çıkan büyük yangın söndürülüyor. Yangına yüksek seviye alarm verildi. Yangın kontrol altına alındı, şu ana kadar yaralı veya can kaybı yok.
34 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

