ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ - АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Құрметті қазақстандықтар!
Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық.
Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.
Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.
Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.
Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық.
Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды.
Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық және мәдени орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп, жаңа елордамыз – Астананы салдық.
Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72, 5 жасқа жетті.
Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық.
Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды.
Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді.
Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36 - шы орынға көтерілді.
Біз әрдайым сыртқы сын - қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік.
Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасадым.
Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналды.
Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық.
Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жарияладық.
Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік.
Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.
Толық нұсқасын жүктеу
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ - АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
5 Mart 2024536 görüntülenme

#президенттің қазақстан халқына жолдауы 2018 жыл
Önerilen
İspanya, Fransa'yı 2-0 yenerek 2026 Dünya Kupası finaline yükseldi: Yarı final özeti
İspanya, 2026 Dünya Kupası yarı finalinde Fransa'yı 2-0 yenerek finale yükseldi. Finalde İngiltere - Arjantin eşleşmesinin galibiyle karşılaşacak. Maçın önemli anları.
9 dk önce
İran, Bahreyn ve Kuveyt'teki ABD Askeri Üslerine Saldırdı
İran, Bahreyn ve Kuveyt'teki ABD üslerine füze saldırıları düzenleyerek MQ9 insansız hava araçlarını ve silah depolarını imha etti. İran Devrim Muhafızları operasyonu doğruladı.
29 dk önce
Günahlarımı ve zorluklarımı üstlenenlere binlerce teşekkür: Tamara Asar eleştirmenlere yanıt verdi
Şarkıcı Tamara Asar, bir partiye katılıp kurucu meclis milletvekili adayı olduktan sonra sosyal medyadaki eleştirilere yanıt verdi. Destekçilere ve eleştirenlere teşekkür etti.
29 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

