Тақырыбы: «Құстарды қоректендіреміз» (бидай)
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Тараулар: Мүсіндеу
Мақсаты:
Білімділік: балаларға құстар жайлы оларды қоректендіру жайлы түсінік беру, бидаймен таныстыру
Дамытушылық: ермексаздан бидай жасау арқылы саусақ бұлшық еттерін дамыту
Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: бидай, қорек, диірмен
Әдіс – тәсілі: көрсету, айту, түсіндіру
Көрнекілігі: бидай
Танымды оятушылық А) балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу: «Күнмен амандасу» №1
Мақсаты: Балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу
Ә) назарларын сабаққа аудару
Ұйымдастыру – іздестіру
Жаңа сабақ
- Балалар, менің қолымдағы суретке қараңдаршы, бұл қандай құс?
- Торғай далада тіршілік етеді. Ол жазда әртүрлі жемістермен қоректенеді, ал қыста оған тамағын тауып жеу қиын болады, сондықтан біз оған көмектесуіміз керек. Торғайларға қысқа жемшашарлар жасап, оған бидай шашып қойсақ торғайлар келіп жейді.
- Міне балалар мен бидай алып келдім. Бидайды адамдар егіп баптап күтеді. Бидайды диірменге тартып ұн жасайды, ұннан нан жасайды.
- балалар, біз қазір ермексаздан торғайларға бидай жасаймыз. Жұмысқа кіріспес бұрын сергіп дем алайық.
Сергіту сәті
Нан қоқымын шашпаймыз
Жерде жатса баспаймыз.
Теріп алып қолыма
Торғайларға тастаймыз.
Қауіпсіздік ережесін айту.
Тәрбиешінің басшылығымен бидайды ермексаздан мүсіндеп жасайды.
Ойын: « Ойлан тап!»
Мақсаты: балалардың бидай жайлы алған білімдерін бекіту.
Шарты. Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттерді көрсетеді. Балалар ұннан жасалған заттарды тауып айтады.
Рефлексивті түзету
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: бидайдың қандай еңбекпен келетінін білу керек.
Болу керек: жалпы мүсіндеу сабағы жайлы түсініктері болу керек.
Істей білу керек: берілген тапсырманы нақышына келтіріп орындау іскерлігі болу керек.
ШҚО, Аягөз қаласы
Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Кіші кешен тәрбиешісі Төлеужанқызы Тоғыжан
Толық нұсқасын жүктеу
Құстарды қоректендіреміз (бидай)
Тақырыбы: «Құстарды қоректендіреміз» (бидай)
5 Mart 2024665 görüntülenme

#құстарды аялау#құстарды қорғау#құстарды қоректендіреміз#жемшашар
Önerilen
Yeni düet: Jiger Auyıpbayev ve 15 yaş küçük eşi yetenekleriyle herkesi şaşırttı (VİDEO)
Jiger Auyıpbayev, 15 yaş küçük eşi Mumina'nın dombrada küy çaldığı videoyu paylaştı. Sanatçı eşinin yeteneğine hayran, kullanıcılar çifte 'yeni düet' dedi.
12 dk önce
Moldir Mukan, üç aile kutlamasını tek bir törende birleştirdi
Moldir Mukan, üç aile sevincini tek bir törende kutladı: büyük kızının üniversite mezuniyeti, ortanca kızının okul mezuniyeti ve oğlunun sünnet töreni.
12 dk önce
İspanya, 2026 Dünya Kupası'nın ilk finalisti oldu
İspanya, 2026 Dünya Kupası yarı finalinde Fransa'yı 2-0 yenerek finale çıktı. Oyarzabal ve Porro'nun golleriyle İspanya, 20 Temmuz'daki finalde İngiltere-Arjantin galibiyle karşılaşacak.
32 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

