Сақтардың мәдениеті
Қазақстан тарихынан ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мәдениеті
Сабақтың мақсаты: а) Сақ мәдениетінің мұраларымен таныса отырып, сақ мәдениетінің әлемдік мәдениеттен алатын орнын, қазақ мәдениетінің дамуындағы ықпалын ашып көрсету.
ә) Өткен сабақтағы білімдерін пайдалана отырып, өз ойларын айтуға, салыстыра білуге, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
б) Өз халқын сүйіп, мәдени мұраларды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды игеру.
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан оқыту технологиясын пайдалану, деңгейлеп оқыту, тірек схемаларын қолдану, топтық жұмыс, ізденіс.
Көрнекілігі: 1. Қазақстан Республикасының саяси - әкімшілік картасы.
2. Ежелгі қалалар.(энциклопедия)
3. Плакат.
4. Суретті карточкалар.
5. Суреттер жинағы.
6. Тірек сызба. «Қолөнер»
7.«Қазақтың көне тарихы» М. Қани
8. Оқушылар дайындаған деректер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1) «Пиктограмма» Суретті карточкалармен жұмыс.
2) Топтастыру. Томирис, Кир.
3) «Ішке – сыртқа» Македонский.
4) «Көш» ойыны. Деңгейлік тапсырма.
5) Қосымша деректерге шолу жасау. (1 оқушы)
6) Үй тапсырмасына қорытынды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1) Сақтардың мәдени мұралары.
2) Аң стилі.
3) Бесшатыр қорымы.
4) «Алтын киімді адам»
1. Сақтардың мәдени мұралары. Сақтар Іле, Шу, Талас, Сырдария өзендері бойында көптеген мәдени ескерткіштер қалдырған. Қызылордаға 300км жерден Шірік – Раббат, Бәбіш – Молда қалалары табылды. Қала тұрғындары егіншілікпен айналысқан. Проблемалық сұрақ; Қала тұрғындары неліктен егіншілікпен айналысты?
Мәтіннен зергерлік өнер дамығандығын дәлелдейтін жолдарды тауып оқу.
2. «Аң стилі» - Б. з. Б 3 ғ пайда болған. Аң бейнелі тұрмыстық заттар, құрбандық заттары мол болған. Сақтар өздерінің шығу тегін аңдармен байланыстырған.
3. Бесшатыр қорымы. Іле өзенінің оң жағалауынан табылған. 31 обадан тұрады. Обалар көлеміне қарай 3 түрлі болды. Сұрақ Неліктен 3 түрлі болады? Бұл мәселені зерттеу, Қосымша материалдардан іздеу оқушыларға қалдырылады.
4. « Алтын киімді адам.» Осы тақырып бойынша ізденген оқушылар сөйлейді. 1969 жылы Есік қаласындағы «Есік обасынан» Алтын адам табылды. Обада 40 – тан астам оба бар. Зергерлік бұйымдар, қару – жарақ, алтын бұйымдар мол табылған.
5. « Тәуелсіздік монументі» туралы оқушылар сөйлейді.
6. Қорытынды. ҚР – ң Конституциясының 37 – бабында мәдени мұраларды, тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау әрбір ҚР – ң азаматының міндеті екендігі айтылған. Ел Президенті Н. Назарбаевтың 2003 жылғы жолдауындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы мәдени мұраны қорғау, сақтау, құпияларын ашуға жол салады.
ІҮ. Бекіту.
1. Графикалық диктант.
2. Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрау.
5) Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар.
1. Тірек сызба. «Қолөнер» - сәйкестендіру.
2. Венн диаграммасы – Шірік – Рабат, Есік обасы.
3. Ойлан, тап! Тарихи есептер шығару.
4. Оқулықтағы тестіні орындау.
5. Ойқозғау. Егер қазба жұмысы негізінде археологтар бір шұңқырдан аңның сүйегін тауып алса, қандай қорытынды жасар едің?
Ү. Қорытынды. Сақ мәдениеті қазіргі қазақ мәдениетінің дамуына жол салды. Сонымен бірге әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма. 15. Сақтардың мәдениеті. Ізденіс жұмысын жалғастыру. Қосымша материалмен жұмыс.
Сақтардың мәдениеті
Қазақстан тарихынан ашық сабақ.
5 Mart 2024684 görüntülenme

#сақтардың мәдениеті#қазақстан тарихынан ашық сабақ
Önerilen
Nazym Kyzaybay: 'Yaş geldi' diyen akrabalarıma yanıtım var
Üç kez dünya boks şampiyonu Nazym Kyzaybay, evlilik baskısı, Kazak ve Türk düğünleri arasındaki farklar ve rakibi Zhanay Shekerbekova ile rekabetini anlattı.
41 dk önce
Astana'da inşaat halindeki binada yangın söndürülüyor
Astana'nın Yesil bölgesinde inşaat halindeki bir binanın çatısında yangın çıktı. Dört katlı binanın çatısında başlayan yangında can kaybı yok. Yangın alanı 150 m².
1 sa önce
Plastik cerrah, eski eşinin üzerine kaynar yağ döktü: kadın bir gözünü kaybetti
Bağdat'ta plastik cerrah eski eşine kaynar yağ döktü: kadın bir gözünü kaybetti, ağır yanıklar aldı. Olay aile içi şiddet tartışmalarını başlattı.
1 sa önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

