Таныстыру өлең
1. Армысыздар, әріптестер қазыларым!
Жас мамандар сайыста сынар бағын
Бастайын мен өзімді таныстырып,
Көрермен қошеметпен қабыл алғын.
2. Атым Акнур, Бөріқұл тегі әкем Асан,
Руым алғи тараған қоңыраттан
Жайқалған 85 - тің сәуірінде
Дүниенің есігін айқара ашқам.
3. Туған жерім жазира жасыл далам,
Онда тұру әр адамға арман ғана
Табиғаты керемет, халқы жұмсақ
Шымкентім шырайлым әсем қалам.
4. 91 - де Тәуелсіздік тойын тойлап,
Қазақстан егеменді елі болған
Сол жылы Кенесары мектебіне
Алғаш рет оқушы боп қабылданғам.
5. Жоғарғы оқу орны Әуезовтің,
4 жылда білім беріп маман қылған
Төгілген моншақтары әсем жырдан
Бастауыш маманымын сөзі маржан.
6. Бұл күнде Байқоңырдың келінімін.
Бір гүлдің анасымын, сенімімін
Аяулы ана, бақытты жар, асыл ұстаз,
Әріптеске адал дос серігімін
277 - мектебінде
Даярлық сыныбында жетекшімін.
7. Көп уақыт болмасада тәжірибем
Шәкіртімнің қалауын анық білем,
Қыр сырын осы қиын мамандықтың
Игеруге бар күшті салып келем
8. Тәлімгерім Оразкуль апай аяулы адам
Біздерден бар білгенін аямаған
Өзіңдей ұстаздардың арқасында
Жас маман болып шығар нағыз маман!
9. Жарысу мақсат емес нансаңыздар
Жеңіске лайықпыз баршамызда
Басты мақсат жас ұрпақтың болашағы
Сәттілік тілеймін мен баршаңызға...
Таныстыру өлең
1. Армысыздар, әріптестер қазыларым!
5 Mart 20241235 görüntülenme
#таныстыру#таныстыру өлең#жас мамандар сайысы#армысыздар#таныстыру мұғалімдерге арналған
Önerilen
AEK, Kazakistan'a akıllı telefon ve tablet ithalat kurallarını sıkılaştırdı
Akıllı telefon ve tablet ithalatı kurallarını sıkılaştırdı: 14 Temmuz'dan itibaren Kazakistan ve Kırgızistan için gümrük beyannamelerinde IMEI kodları zorunlu.
11 dk önce
Kairat Satybaldyuly'ye ait müsadere edilen iş merkezi yine alıcı bulamadı
Almatı'daki Kaisar Plaza iş merkezi, 14 milyar tenge düşürülen fiyata rağmen yine açık artırmada satılamadı. Müsadere süreci ve değerleme raporu haberde.
31 dk önce
İran ve ABD yeni saldırılarla karşılık verdi; Tahran 14 ölü bildirdi
İran, ABD'nin yeni saldırılarında 14 ölü bildirdi. Devrim Muhafızları, Bahreyn ve Kuveyt'teki üslere misilleme yaptı. Basra Körfezi'nde gerilim hızla tırmanıyor.
51 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

