Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: Тірі табиғат
Мақсаты: Б. м: Балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау. Д. м: Балалардың ақыл - ойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын зейінін дамыту. Т. м: Балаларды адамгершілікке, өз ойын толық жеткізе білуге, табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: өлі және тірі табиғат
Қостілдік компонент: табиғат – природа, тірі табиғат - живая природа
Керекті құралдар: суреттер, схемалар, ұлғайтқыш, тәжірибеге арналған ыдыстар.
Мотивациялық оятушылық. Тәрбиешінің әрекеті. Бала әрекеті
Шаттық № 14
Әдепті елдің баласы. Иіліп сәлем береді, Айдай арайлап, Күндей жайнап. Жұлдыздай жарқырап, Бүгінгі күнді қарсы алайық. Сәлем саған, Жер ана! Сәлем саған, Көк аспан! Сәлем саған, Күн ана!
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
1) Кіріспе: Ой шақыру
Балалар терезеден далаға қараңдаршы?
- Қай мезгіл?
- Көктем мезгілі
- Қазір қай ай?
- Наурыз айы - Дұрыс балалар, осы бізді қоршаған не?
- Табиғат
- Ағаш, дала, су, аспан, гүл
- Табиғат деген не? - Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы табиғат туралы әңгімелейміз. Табиғат екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.
(Суреттер көрсетіледі)
Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп - өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіп - өнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас, суға байланысты тәжірибе жасап көрейік.
2) Тәжірибе: Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Ұсақ бір - біріне жабыспайды. Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы. Сок ішуге арналған түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса ұшады. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға, су құйса балшыққа айналады. Тасты бақылау. Су құйса да жылтырап жата береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлесе де қозғалмайды. Ауыр зат.
Су ерекшелігін бақылау. Судың дәмі жоқ, иісі жоқ. Қатты от жағып, су тұрған ыдысты қыздырсаң қайнайды, көбеймейді. Аяз, суық жерге қойсаң да көбеймейді қатып қалады. (Балалардың тәжірибе жасауы)
3) Ойын - ойнау, «Құм, тас, су. Басы «құм» дегенде әр жерде шашыраңқы болып отыру. «Тас»дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу, «су» дегенде толқын жасап қозғалу». (Балалар қимылмен көрсетеді)
4) Сөздік жұмыс: Өлі және тірі табиғат
5) Табиғат туралы мақал - мәтелдер:
Таза болса табиғат
Аман болар адамзат.
Туған жердің суы тәтті
Топырағы да ыстық (1 - 2 балаға айтқызу) Тәрбиешінің түсіндіруі.
Рефлективтік - түзетушілік
Ұ. о. іс – әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Тірі табиғат қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді қозғалады, сөйлейді, еңбек етеді.
Нені игереді: табиғат ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп айтуды
Нені біледі: Табиғатты аялап, қорғауды біледі
Тірі табиғат (экология)
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
5 Mart 2024716 görüntülenme

#балабақша#экология#тірі табиғат#балабақша жоспары
Önerilen
Şımkent'te Anormal Sıcaklık: Termometreler 66 Dereceyi Gösterdi
Şımkent'te anormal sıcaklık: termometreler 66 dereceye kadar gösteriyor. Sıcağın hafta sonuna kadar sürmesi bekleniyor. Halk Koşkar-Ata Nehri'nde serinliyor.
22 dk önce
Uluslararası ekipli Soyuz MS-29 Baykonur'dan fırlatıldı
Baykonur'dan fırlatılan Soyuz MS-29, uluslararası ekip Dubrov, Kikina ve Menon'u UUİ'ye taşıyor. İki turlu kenetlenme, sekiz aylık görev Nisan 2027'de bitecek.
22 dk önce
Arıs Belediye Başkanının Oğlunun Karıştığı Trafik Kazası: Baba Yetkiliden Açıklama
Arıs Belediye Başkanının oğlunun kullandığı taksi, Astana-Pavlodar yolunda kaza yaptı: yolcu iki bacağını kaybetti. Başkan, soruşturmaya müdahale etmeyeceğini açıkladı.
42 dk önce
← GeriKaynak: bilimdiler.kz

